weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 22
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрғиса Әділетұлы әлем рекордын жаңартып, әлем чемпионатында күміс алды

Қазақстандық зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Ниңбо қаласында өткен әлем чемпионатында 95 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді. Ол серпе көтеруде әлем рекордын да жаңартып үлгерді.

Нұрғиса Әділетұлы әлем рекордын жаңартып, әлем чемпионатында күміс алды Нұрғиса Әділетұлы әлем рекордын жаңартып, әлем чемпионатында күміс алды
Sports.kz

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Ниңбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Жарыстың жұлқа көтеру сайысында Әділетұлы алдымен 182 келіні көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Алайда көп ұзамай болгариялық Карлос Насар 185 келі көтеріп, бұл рекордты өз атына жаздырды.

Нұрғиса жұлқа көтеруде екінші орынға тұрақтап, серпе көтеруде 217 келі нәтижесіне қол жеткізді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша ол 399 келі жинады.

Әлем чемпионы атағын Насар иеленді — оның нәтижесі 415 келі болды: жұлқа көтеруде 185 келі, серпе көтеруде 230 келі. Қола жүлде ирандық Әли Әліпурға бұйырды, ол 396 келі көтерді.

Айта кетейік, 2024 жылы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өткен әлем чемпионатында 96 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді.

.

Көп оқылды:

.
.