Канаданың Торонто қаласында өтетін WTA-1000 санатындағы турнирдің жеребиі тартылды. Жарыстың негізгі торына Мирра Андреева, Диана Шнайдер, Анна Калинская, Людмила Самсонова және Екатерина Александрова секілді әйгілі теннисшілер енді. Турнирдің бірінші нөмірлі бас тұлғасы – WTA рейтингісінің көшбасшысы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко.
Мирра Андреева жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол украиналық Александра Олейникова мен чехиялық Каролина Плишкова арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі. Диана Шнайдер де екінші айналымда квалификациядан өткен екі теннисшінің арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Анна Калинская америкалық Маккартни Кесслер мен канадалық Каданс Брас арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады. Ал Екатерина Александрова колумбиялық Камила Осорио мен квалификатор арасындағы матчтың жеңімпазымен қарсыласады.
Людмила Самсонова турнирді бірінші айналымнан бастайды, оның алғашқы қарсыласы – индонезиялық теннисші Джаниче Чен болмақ.
Торонтодағы турнир 2-13 тамыз аралығында өтеді. Өткен жылғы жарыстың жеңімпазы – канадалық Виктория Мбоко.