weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
28 қазан, 2026 / SportRoom / Үлкен теннис 26
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сафина Рыбакинаның WTA Finals-тегі басты қарсыластарын атады

Экс-бірінші ракетка Динара Сафина Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі негізгі бәсекелестері ретінде бірнеше теннисшіні атады. Оның айтуынша, турнирдің нәтижесіне жұптасу мен ойыншылардың қазіргі бабы қатты әсер етеді.

Сафина Рыбакинаның WTA Finals-тегі басты қарсыластарын атады Сафина Рыбакинаның WTA Finals-тегі басты қарсыластарын атады
Sports.kz

Экс-бірінші ракетка мира Динара Сафина қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі басты қарсыластары кім болатынын айтты. Ол Рыбакина қазір өте жақсы ойнап жүргенін атап өтті.

«Елена бәрінен жақсы ойнап жүр. Сондықтан одан жоғары нәтиже күтуге болады. Бірақ бәрі жеребеге де, ойыншылардың сол сәттегі бабына да байланысты», — деді Сафина.

Сафинаның пікірінше, Рыбакинаға ең қауіпті қарсыластардың қатарында Арина Соболенко мен Мирра Андреева бар. Сонымен бірге ол Линда Носкованы да бөліп, дәл сол теннис мәнерімен ойнайтын спортшы ретінде атап өтті.

Сафина Джессика Пегуланы аса қауіпті теннисші ретінде көрмейтінін айтты. Ал Коко Гауфф туралы сөз қозғап, оның қорғанысы өте мықты екенін және кез келген қарсыласқа қиындық тудыра алатынын жеткізді.

WTA қорытынды турнирі 2026 жылғы 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді. Оған Елена Рыбакинамен бірге Арина Соболенко, Мирра Андреева, Джессика Пегула, Кори Гауфф, Элина Свитолина, Каролина Мухова және Линда Носкова қатысады.

.

Көп оқылды:

.
.