Мәзір
19 сәуір, 2025 / SportRoom / Футбол

«Ұлытау» тағы жеңілді

Қазақстан премьер-лигасының V турында "Ұлытау" футбол клубы Көкшетаудың "Оқжетпесін" қабылдап, 0-1 есебімен жол берді. 

"Ұлытау" тағы жеңілді "Ұлытау" тағы жеңілді
"Оқжетпес" ФК

Ойындағы жалғыз голдың авторы - Дәурен Жұмат. Ол 43-ші минутта 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Ал 71-ші минутта алаң иелерінің шабуылшысы Жасұлан Молдақараев қызыл қағаз алып, мачты ерте аяқтады. Бұдан соң есеп өзгерген жоқ. Осылайша "Ұлытау" 5 ойында 3 рет жеңіліп, 2 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнына жайғасты. Келесі турда ұлытаулықтар Ақтөбеге қонаққа барады. Ал көкшеліктер сырт алаңдағы жеңістен соң 7 ұпай жинап, 6-шы орынға тұрақтады. "Оқжетпес" VI турда "Жеңісті" қабылдайды. 

Көп оқылды: