Қазақстан Премьер-лигасының 28-турының соңғы кездесуінде Қызылорданың «Қайсары» мен Шымкенттің «Ордабасысы» кездесті.
Ойын «Қайсар Арена» стадионында өтіп, оны оралдық Болат Сариев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Қонақтар бірінші таймда-ақ басымдықты өз қолына алды. Берн Йонсен 15- және 33-минуттарда екі гол соғып, «Ордабасыны» алға шығарды. Үзіліске дейін Клайдер Маседо бір голмен жауап қайтарды.
Екінші таймның басында Давид Абагна шымкенттік клубтың үшінші голын енгізді. Ал 72-минутта Йонсен тағы да нәтижелі соққы жасап, хет-трикін ресімдеді — 1:4.
Осы жеңістен кейін «Ордабасының» еншісінде 64 ұпай бар. Шымкенттіктер алматылық «Қайраттан» төрт ұпай алда келеді, ал «Қайсар» 24 ұпаймен төменгі орындардың бірінде қалып отыр.
«Қайсар» — «Ордабасы» 1:4 (1:2)
Голдар: Йонсен 15 (0:1), Йонсен 33 (0:2), Маседо 45 (1:2), Абагна 53 (1:3), Йонсен 72 (1:4).