weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Реал» Беллингеммен жаңа келісімшарт бойынша ілгерілеуге жетті

Мадридтік клуб Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің жалақысын едәуір көтеретін жаңа келісімшартқа жақындады. Қолданыстағы келісім 2029 жылдың маусымына дейін күшінде тұр.

«Реал» Беллингеммен жаңа келісімшарт бойынша ілгерілеуге жетті «Реал» Беллингеммен жаңа келісімшарт бойынша ілгерілеуге жетті
Sports.kz

Мадридтің «Реалы» Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингеммен жаңа келісімшарт бойынша келіссөзде ілгерілеуге қол жеткізді.

Жаңа келісімшарт футболшының жалақысын айтарлықтай арттыруды көздейді. Қазіргі келісімі 23 жастағы ойыншыны 2029 жылдың маусымына дейін «Реалда» ұстап тұр.

Беллингем мадридтік клубқа 2023 жылдың жазында дортмундтық «Боруссиядан» ауысқан. Ол осы уақытқа дейін «Реал» сапында барлық турнирде 157 матч өткізіп, 52 гол соқты және 37 нәтижелі пас берді.

2026/27 маусымында ағылшын жартылай қорғаушысының еншісінде 17 ойында 6 гол мен 4 нәтижелі пас бар. 21 қарашада ол Испания чемпионатындағы «Реал» сапындағы 100-матчын өткізіп, мерейтойлық кездесуде «Сельта» қақпасына гол соқты, ал мадридтіктер «Сантьяго Бернабеуда» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

.

Көп оқылды:

.
.