Спорттық арбитраждық сот (CAS) Сенегал футбол федерациясының апелляциясын қолдап, ел құрамасын Африка ұлттар кубогының 2025 жылғы чемпионы деп таныды.
Сенегалға чемпиондық атақ Рабаттағы финалдан кейін он ай өткен соң қайтарылды. 18 қаңтарда сенегалдықтар Марокко құрамасын қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңген еді.
Негізгі уақыттың соңында Сенегал ойыншылары пенальтиге наразылық білдіріп, алаңнан кетіп қалды. Ойын қайта жалғасқанда, қақпашы Эдуар Менди Браим Диастың соққысын қайтарды, ал 94-минутта Пап Гейе финалдағы жалғыз голды соқты.
17 наурызда Африка футбол конфедерациясының апелляциялық комитеті Сенегалға алаңнан кеткені үшін 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазып, титулды Мароккоға берген болатын. Бұл шешімнің күші жойылғаннан кейін Сенегалдың қоржынында Африка кубогының екі жеңісі тіркелді. Бұған дейін құрама 2021 жылғы турнирде Египетті финалда пенальти сериясында ұтып, алғашқы атағына қол жеткізген.