weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Карлос Алькарас ATP қорытынды турнирінің трофейін алды

Испаниялық Карлос Алькарас ATP-2026 қорытынды турнирінде топ жарды. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы Александр Зверевті жеңді.

Карлос Алькарас ATP қорытынды турнирінің трофейін алды Карлос Алькарас ATP қорытынды турнирінің трофейін алды
Championat Теннис

Әлемнің үшінші ракеткасы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас ATP-2026 қорытынды турнирінің жеңімпазы атанып, тиісті трофейге ие болды.

Финалда ол Германия өкілі, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Александр Зверевті 6:2, 7:6 (9:7) есебімен ұтты.

Алькарасқа 23 жас. Ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеті дүркін чемпионы және тарихта барлық ТБШ турнирлері мен ATP қорытынды турнирін ұтқан төрт теннисшінің бірі.

Биыл испаниялық теннисші алты трофей жеңіп алды. ATP-дің қорытынды турнирімен бірге ол Australian Open-де, Париждегі «Мастерсте», сондай-ақ Доха, Токио және Венадағы «500» санатындағы жарыстарда жеңіске жетті.

ATP-2026 қорытынды турнирі 15-22 қараша аралығында өтті.

.

Көп оқылды:

.
.