weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алькарас ATP қорытынды турнирінің финалында алғашқы сетте Зверевтен басым түсті

Туринде өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінің 2026 жылғы финалында Карлос Алькарас алғашқы сетте Александр Зверевті 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 50 минутқа созылды.

Алькарас ATP қорытынды турнирінің финалында алғашқы сетте Зверевтен басым түсті Алькарас ATP қорытынды турнирінің финалында алғашқы сетте Зверевтен басым түсті
Championat Теннис

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінің 2026 жылғы финалында испаниялық Карлос Алькарас алғашқы сетте неміс теннисшісі Александр Зверевтен 6:2 есебімен басым түсті.

Финалда әлемнің бірінші ракеткасы Зверев пен рейтингтегі үшінші орында тұрған Алькарас титул үшін таласып жатыр. Бірінші сет 50 минутқа созылды.

Екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп қазір 7-6 болып, Алькарас алда келеді. Олардың соңғы ойыны жылдың басында Australian Open турнирінің жартылай финалында өткен болатын.

Сол матчта Алькарас 5 сағат 27 минутқа созылған тартысты кездесуде 6:4, 7:6 (7:5), 6:7 (3:7), 6:7 (4:7), 7:5 есебімен жеңіске жеткен еді.

ATP қорытынды турнирі 15-22 қараша аралығында өтіп жатыр. Дүбірлі додадағы қазіргі чемпион — италиялық Янник Синнер.

.

Көп оқылды:

.
.