weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 20
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

WBC «Канелоға» Хатчинсонмен жекпе-жек өткізуге жол ашты

WBC президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль «Канело» Альварестің шотландиялық Уилли Хатчинсонмен жұдырықтасуына ұйым қарсы емес екенін айтты. Ал Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» қарсы айқасты кейінірек, 2027 жылғы мамырда ұйымдастырғысы келеді.

WBC «Канелоға» Хатчинсонмен жекпе-жек өткізуге жол ашты WBC «Канелоға» Хатчинсонмен жекпе-жек өткізуге жол ашты
Sports.kz

WBC президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль «Канело» Альварестің шотландиялық Уилли Хатчинсонмен жекпе-жегін мақұлдауға дайын екенін мәлімдеді. Ұйым басшысы мұндай айқасқа кедергі жоқ екенін атап өтті.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» шақыру тастап, онымен 2027 жылдың мамырында біріктіру жекпе-жегін өткізгісі келетінін айтқан болатын. Дегенмен Альварестің жоғары салмақ дәрежесіне өту мүмкіндігі де сақталып отыр, өйткені WBC әзірге Хатчинсонды міндетті үміткер ретінде бекіткен жоқ.

Сулейманның сөзінше, «Канело» ауыр маусымнан кейін қайта оралып, титул иеленген соң үзіліс алған. Ол алдағы күндер мен апталарда салмақ дәрежесіне қатысты түпкілікті шешім шыққанын күту керегін айтты.

«Егер ол полутяжелый салмақта титул үшін айқасқысы келсе, біз бұл жекпе-жекті мақұлдаймыз. Бұл екі чемпионның кездесуі болады. Егер ол екінші орта салмақта қалса, ол жақта да нұсқалар бар», — деді Маурисио Сулейман.

Уилли Хатчинсон 7 қарашада Манчестерде өткен кездесуде Джошуа Буатсимен қарымта айқаста жеңіске жетіп, бос тұрған WBC белбеуін иеленді. Ал «Канело» полутяжелый салмақта бұған дейін Сергей Ковалевті жеңіп, Дмитрий Биволдан ұтылған еді.

Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Қазақстандық боксшы жергілікті спортшы Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) WBO тұжырымы бойынша бос тұрған екінші орта салмақ титулы үшін қолғап түйістіреді.

.

Көп оқылды:

.
.