weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 19
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Словакия құрамасы Қазақстанмен матчқа жеті футболшысын апармайды

Словакия құрамасы Лига нацияларының топтық кезеңіндегі Қазақстанмен өтетін соңғы ойынды капитаны Милан Шкриньяр бастаған жеті ойыншысыз өткізеді. Бапкер Владимир Вайсс жастарға мүмкіндік беруді жөн көрді.

Словакия құрамасы Қазақстанмен матчқа жеті футболшысын апармайды Словакия құрамасы Қазақстанмен матчқа жеті футболшысын апармайды
Sports.kz

Словакия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчқа Қазақстанға қарсы бірқатар негізгі ойыншысынсыз келеді. Команда сапынан жеті футболшы, соның ішінде капитан Милан Шкриньяр да шет қалды.

Словакиялықтар Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең ойнағаннан кейін дивизион B-ге шығуды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Осыған байланысты бас бапкер Владимир Вайсс жүктемесі көп ойыншыларға демалыс беріп, жас футболшыларды тексеруді ұйғарған.

Астанаға Милан Шкриньяр, Давид Ганцко, Ондрей Дуда, Матуш Беро, Доминик Грейф, Альберт Руснак және Мартин Валент бармады. Валент сары қағаздарының көптігіне байланысты бұл кездесуді онсыз да өткізіп алар еді.

Сонымен бірге жарақат алған Томаш Суслов та құраманың сапынан кетті. Ол бұған дейін Фарер аралдарына қарсы ойында әріптестерін қолдау үшін командада қалған болатын.

«Мен Лукаc Гараслин туралы да ойландым, бірақ оның бізбен қалуға шешім қабылдағанын бағалаймын. Қалғандарымен азды-көпті келісіп қойдым. Матей Валент үйде қалады, өйткені ол екінші сары қағазын алып, ойнай алмайтын еді. Астанаға баратын жігіттер осы мүмкіндікті пайдаланады деп сенемін. Біз жақсы нәтиже үшін күресуге барамыз», — деді Владимир Вайсс.

Казахстан — Словакия матчы 16 қараша күні «Астана Аренада» өтеді. Ойынның басталуы — Қазақстан уақытымен 20:00-де.

.

Көп оқылды:

.
.