Бұрынғы әлемнің жетінші ракеткасы, «Ролан Гаррос» пен Уимблдонның жекелей сындағы финалисі Ольга Морозова қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA-2026 Итоговый турниріндегі мүмкіндігіне тоқталды.
Морозова Рыбакина кез келген турнирде жеңіске жете алатынын айтып, оның техникасы мен ойын мәнерін жоғары бағалады. Дегенмен ол биік бойлы ойыншыға бейімделу кейде қиынға соғатынын, теннисте үйлесім мен шапшаң икемделудің үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
«Лена кез келген турнирді ұта алады. Оның техникасы өте жақсы, ойынды да жақсы түсінеді. Көп жылдан бері өзінің мықты ойын өрнегін көрсетіп келеді», — деді Морозова.
Оның пікірінше, Рыбакина бірінші нөмірге үйреніп қалған. Соған қарамастан, ол Итоговый турнирде қазақстандық теннисшінің міндетті түрде жеңіске жетеді деп кесіп айтудан тартынды.
«Турнир қиын, бәрі бірдей ойдағыдай бола бермейді. Сондықтан оның міндетті түрде жеңеді дей алмаймын», — деді ол.
Сондай-ақ Морозова жеке өзі Мирра Андреевадан жақсы ойын күтетініне және Рыбакина финалда Арина Соболенкамен кездессе деген тілегін жеткізді.
WTA-2026 Итоговый турнирі 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтеді.