Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында сәтті бастады.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі квалификациялық белдесуде ол Грузия өкілі Александр Абрамишвилимен кездесті. Қасымбек бірінші кезеңнің өзінде қарсыласын 10:0 есебімен мерзімінен бұрын тізе бүктірді.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық балуан негізгі раундқа өтті. Оның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Едіге Қасымбек биыл Аичи мен Нагояда өткен Азия ойындарында қола медаль иеленген еді. Бұған қоса, ол 2026 жылғы Азия чемпионатының да қола жүлдегері.