UFC президенті Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир ұйымдастыру бағытында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
— UFC турнирін Қазақстаннан қашан көреміз? — Өте скоро. Біз осының үстінде жұмыс істеп жатырмыз, — деді Уайт.
Қазіргі таңда UFC тізімінде Қазақстанның бес өкілі бар: Шавкат Рахмонов (19-0), Асу Алмабаев (24-3), Дияр Нұрғожай (12-2), Николай Веретенников (14-8) және Алиби Идрис (10-1, 1 NC).
UFC бұрын Орталық Азияда турнир өткізбеген. Ұйымның негізгі жарыстары АҚШ-та, соның ішінде Лас-Вегаста жиі өтеді. Ал сырттағы тұрақты бағыттарының қатарында Канада, Бразилия, Ұлыбритания, Австралия және Біріккен Араб Әмірліктері бар.
Айта кетейік, Қазақстанда UFC-дің алғашқы турнирін 2020 жылғы 13 маусымда Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара кейінге қалдырылған болатын.