Қазақстандық балуан Жамиля Бакбергенова Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы жапониялық Махиро Ёситаке болды. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, қола медальды жапон спортшысы иеленді. Бакбергенова есепте 4:3 есебімен алда тұрған, алайда шешуші сәтте Ёситаке әдіс жасап, жеңісті жұлып алды.
Финалдық белдесуге дейін Жамиля молдовалық Эмилия Кречунды 13:2 есебімен, украиналық Надежда Соколовсканы 9:1 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қытайлық Ли Зэлуге 2:4 есебімен есе жіберді.
Махиро Ёситаке турнирді моңғолстандық Болортунгалаг Зоригтты туше арқылы жеңуден бастады. Кейін Ли Зэлуге 4:9 есебімен ұтылды. Қайтармалы белдесуде ол ресейлік Ксения Буракованы 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Бакбергенова бұған дейін 2021, 2022 және 2024 жылдардағы әлем чемпионаттарында күміс медаль алған, сондай-ақ 2023 жылғы додада қола жүлдеге қол жеткізген. Ёситаке болса 2024 жылғы Азия чемпионы және жастар арасындағы 2022 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы.
Бұған дейін Қазақстан өз жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт қола медаль жеңіп алған еді: Зейнеп Баянова, Исхар Курбаев, Айдос Султанғали және Багдат Сабаз жүлдегер атанды.