weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 32
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстанның семсерлесу құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында үш жүлдеге ие болды. Кирилл Проходов алтын, Кайша Жаныбек күміс, Диляра Исабекова қола медаль еншіледі.

Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстанның семсерлесу құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.

Кирилл Проходов ерлер арасындағы жеке сайыста алтын медальға қол жеткізді. Шпагамен өткен финалда ол Гонконг өкілі Вонг Пак Юды 15:12 есебімен жеңді.

Қыздар арасындағы жекелей сыннан да Қазақстан жүлде алды. Кайша Жаныбек қылыш қаруымен өткен жарыста финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді.

Диляра Исабекова сабля бойынша жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатын үш медальмен түйіндеді.

.

Көп оқылды:

.
.