weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина Штеффи Графтың сирек қайталанған жетістігін қайталады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көш басына шыққаннан кейінгі алғашқы титулын жеңіп алып, Штеффи Графтың нәтижесін қайталады. Екі теннисшінің де шешуші жеңісі 6:2, 6:2 есебімен аяқталған.

Елена Рыбакина Штеффи Графтың сирек қайталанған жетістігін қайталады Елена Рыбакина Штеффи Графтың сирек қайталанған жетістігін қайталады
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, аңыз спортшы Штеффи Графтың сирек қайталанған жетістігін қайталады. Ол WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілгеннен кейінгі алғашқы титулын жеңіп алды.

Журналист Бастьен Фашан бұл жетістіктегі тарихи ұқсастыққа назар аударды. Оның айтуынша, 1987 және 2026 жылдардағы оқиғалар бір-біріне өте ұқсас: Граф та, Рыбакина да әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейін 41 күн өткен соң алғаш рет титул жеңіп алған.

Екі финал да бірдей есеппен аяқталды — 6:2, 6:2. 1987 жылы Штеффи Граф осындай нәтижемен жеңіске жетсе, Рыбакина 39 жыл өткен соң Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің шешуші матчында канадалық Лейла Фернандесті дәл осы есеппен тізе бүктірді.

Бұл титул Рыбакина үшін маусымдағы төртіншісі әрі кәсіби мансабындағы 15-ші трофей болды. Сонымен бірге, ол алғаш рет бір турнирде чемпиондық атағын қорғап шықты.

Штеффи Граф теннис тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі саналады. Ол мансабында жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирлерін 22 рет ұтты, WTA жарыстарында 107 титул иеленді және әлемдік рейтингтің ең биік сатысында 377 апта болды.

.

Көп оқылды:

.
.