Англияның «Бернли» клубы швейцариялық маман Фабио Челестиниді команданың жаңа бас бапкері қызметіне тағайындағанын ресми түрде жариялады.
Бұл қызметте ол 24 қазанда орнын босатқан Ники Хайеннің орнына келді. «Бернли» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев бар.
Челестини бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубын жаттықтырып, Ресей Суперкубогын жеңіп алған. Сондай-ақ ол «Базельде» 18 ай жұмыс істеп, команданы Швейцария чемпионаты мен Кубогында жеңіске жеткізді. Бұл атақ «Базель» үшін сегіз жылдан кейінгі алғашқы чемпиондық болды.
Бапкерлік жолында швейцариялық маман «Лозаннаны» жоғары дивизионға алып шықты және «Люцернмен» Швейцария Кубогын ұтты. Футболшы ретінде ол Швейцария құрамасында 35 матч өткізіп, 2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты, сондай-ақ «Марсель», «Леванте» және «Хетафе» сапында ойнады.
«Бернлидің» жаңа бапкері ретіндегі алғашқы матчы 31 қазанда «Портсмутқа» қарсы «Тёрф Мур» стадионында өтеді.