weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Зарина Толыбай жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Будвада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Зарина Толыбай жартылай финалда түрік спортшысы Мирей Догруды жеңді. Осылайша Қазақстан бұл додада екінші финалистін тіркеді.

Зарина Толыбай жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты Зарина Толыбай жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Sports.kz

Будвада (Черногория) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Зарина Толыбай финалға жолдама алды.

80 килограмнан жоғары салмақта жұдырықтасқан Толыбай жартылай финалда Түркия өкілі Мирей Догрумен кездесті. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы басымдық танытып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші раундта төреші Догруға нокдаун санады. Осы жеңістің арқасында Толыбай әлем чемпионы атағы үшін финалда бақ сынайды.

Осылайша, Қазақстан бұл әлем чемпионатында екінші финалистін анықтады. Бұған дейін 70 килограмға дейінгі салмақта Бибарыс Аширбай жартылай финалда өзбекстандық Зулфикор Адхамжоновты ұтып, шешуші кезеңге өткен еді.

19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты Будвада 16–27 қазан аралығында өтіп жатыр. Әйелдер бәсекесінде он салмақ дәрежесі қарастырылған, ал финалдық жекпе-жектер 27 қазанда өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.