Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан балуаны Исхар Құрбаев грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға өтті.
Ширек финалда оған UWW рейтингіндегі тоғызыншы нөмір, 2024 жылғы Еуропа чемпионы Артём Деляну (Молдова) қарсы тұрды. Құрбаев белдесуді 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Исхар Құрбаев 1/8 финалда Өзбекстанның қазіргі Азия чемпионы Ихтиёр Ботировты жеңген еді.
Осылайша, жартылай финалға Қазақстан құрамасынан бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали да шыққан болатын.