weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
10 қазан, 2026 / SportRoom / Баскетбол 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

А'жа Уилсон WNBA тарихындағы алғашқы бес дүркін MVP атанды

Лас-Вегас Эйсз командасының жұлдызы А'жа Уилсон мансабындағы бесінші MVP жүлдесін алып, WNBA тарихында теңдессіз көрсеткішке жетті. Алайда ол алдағы шешуші плей-офф матчы алдында салтанатты рәсімге қатыспайтынын айтты.

А'жа Уилсон WNBA тарихындағы алғашқы бес дүркін MVP атанды А'жа Уилсон WNBA тарихындағы алғашқы бес дүркін MVP атанды
BBC Sport

А'жа Уилсон WNBA тарихында ең үздік ойыншы атағын бес рет иеленген тұңғыш баскетболшы атанды. Оның бұл жетістігіне орай жұма кешінде арнайы рәсім өтпек.

30 жастағы Лас-Вегас Эйсз ойыншысы маусымның ең құнды ойыншысы атанғаны жайлы АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харристен келген дауыс хабарламасы арқылы хабарланған. Уилсон биылғы марапатты қатарынан үшінші рет алып отыр.

Дегенмен, ол құрмет көрсету шарасына қатыспайтынын ашық айтты. Бұған дейін де Эйсз командасы MVP иесін матч алдындағы салтанатпен марапаттаған кезде, плей-оффтың жартылай финалындағы алғашқы ойында ұтылып қалған еді. Мамыр айында чемпиондық сақиналар табысталғаннан кейін де олар ірі есеппен жеңілген.

«Жанкүйерлерді жақсы көремін, бірақ мен оған қатыспаймын. Командаммен бірге қыздырыну жаттығуында боламын. Менің қаншалықты бәсекешіл екенімді бәрі біледі, ең басты назарым да сол», — деді Уилсон.

Уилсон 2020 және 2022 жылдары да MVP атанған. Осылайша ол НБА аңыздары Майкл Джордан мен Билл Расселдің жетістігін қайталап, бес мәрте ең құнды ойыншы атанған санаулы жұлдыздардың қатарына қосылды. Тек Карим Абдул-Джаббар ғана бұл көрсеткіштен асып, алты рет MVP болған.

Биыл Уилсон маусымда орта есеппен 26,2 ұпай жинап, лиганың үздік сұрмергені атанды. Бұл — оның қатарынан үшінші маусымдағы нәтижесі. Сонымен қатар ол осы маусымда 33 ойында кем дегенде 20 ұпайдан тіркеп, WNBA тарихындағы бір маусымдағы ең ұзақ үшінші серияға қол жеткізді. Бұған қоса, 13 ойында 30 ұпайдан кем түсірмей, өз рекордын қайталады.

Уилсон «Эйсз» сапында үш бірдей чемпиондыққа қол жеткізген. Алайда команда қазір жартылай финалда Голден Стэйт Валкирис клубынан 0:2 есебімен қалып келеді және келесі ойында жеңіліп қалса, жарыстан шығып қалады.

.

Көп оқылды:

.
.