weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Баскетбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның 3×3 баскетбол құрамасы Азия ойындарында Шри-Ланканы жеңді

Әйелдер құрамасы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында екінші кездесуін өткізіп, Шри-Ланкадан 21:8 есебімен басым түсті. Бұған дейін қазақстандықтар Қытайға есе жіберген еді.

Қазақстанның 3×3 баскетбол құрамасы Азия ойындарында Шри-Ланканы жеңді Қазақстанның 3×3 баскетбол құрамасы Азия ойындарында Шри-Ланканы жеңді
Sports.kz

Қазақстанның әйелдер құрамасы 3×3 баскетболдан Азия ойындарында екінші матчын өткізіп, Шри-Ланка командасын 21:8 есебімен тізе бүктірді.

Аичи-Нагояда өтіп жатқан додада қазақстандықтар бұған дейін Қытай құрамасына 12:18 есебімен жол берген болатын.

Енді топтық кезеңдегі келесі ойынын ұлттық құрама 23 қыркүйекте Катарға қарсы өткізеді.

Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында 12 медаль бар: 6 алтын, 1 күміс және 5 қола.

.

Көп оқылды:

.
.