Мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварес мансабында өзі кезіккен ең күшті панчерлерді атап, олардың қатарына қазақстандық Геннадий Головкинді қосты.
Сұхбат барысында Альвареске ең ауыр соққыны кімнен алғаны туралы сұрақ қойылды. Ол: «Мен онша көп соққы өткізе бермеймін. Бірақ... мүмкін, Головкин, Ковалев... мм, Киркленд — мен кездескен ең қатты панчерлердің бірі. Көп адам болды», — деді.
Сұхбат алушы Альварес атаған барлық боксшыларды жеңгенін еске салғанда, мексикалық спортшы қысқа ғана «Иә» деп жауап берді.
Головкин мен «Канело» үш рет жұдырықтасты. Үшеуі де АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena аренасында өтті: 2017 жылғы 16 қыркүйектегі алғашқы кездесу тең аяқталды, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі екінші айқаста Альварес төрешілердің басым шешімімен жеңді, ал 2022 жылғы 17 қыркүйекте өткен үшінші жекпе-жекте де мексикалық боксшы бірауыздан қабылданған шешіммен басым түсті.
— Известно, что у тебя крепкий подбородок, ты пропускал удары практически от каждого. Как ты думаешь, какой удар был самым сильным из всех, что ты принимал? — Я пропускаю не так уж много ударов. Но... я принимал... возможно, Головкин, Ковалев... мм, Киркленд — один из самых жестких панчеров, с которыми я когда-либо сталкивался. Много кто.