weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ильяс Хамзин титулын екінші рет қорғайды

Ресейлік этникалық қазақ Ильяс Хамзин 17 қазанда Екатеринбургте өтетін RCC және Karate Combat бірлескен турнирінде әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды. Оның келесі қарсыласы кейінірек жарияланады.

Ильяс Хамзин титулын екінші рет қорғайды Ильяс Хамзин титулын екінші рет қорғайды
Sports.kz

Ресейлік спортшы Ильяс Хамзин 17 қазанда Екатеринбургте өтетін RCC және Karate Combat бірлескен турнирінде орта салмақтағы әлем чемпионы титулын екінші рет қорғайды.

Жекпе-жек Екатеринбургтегі «УГМК» аренасында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің басты оқиғасы дәл осы титулдық айқас болмақ, ал Хамзиннің қарсыласы жақын күндері белгілі болады.

Бұл — этникалық қазақ спортшының аталған белбеуді екінші рет қорғауы. Бұған дейін ол ақпанда француз Алекс Лореден басым түсіп, сенімді жеңіске жеткен еді.

Хамзиннің тұңғыш титулдық қорғанысы биыл 27 наурызда Екатеринбургте өткен RCC x Karate Combat 60 турнирінде өтті. Сол кездесуде ол Brave CF-тің уақытша чемпионы, Франция өкілі Алекс Лорені төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Karate Combat ұйымы Ресейге қайта оралатынын мәлімдеп, Екатеринбургтегі бұл жарысты RCC-пен бірге өткізетінін растады.

.

Көп оқылды:

.
.