Бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Энди Роддик Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Халықаралық теннис даңқ залына кіретінін айтты.
Роддиктің сөзінше, Рыбакинаның бұл деңгейге лайық екеніне күмән жоқ. Ол қазақстандық теннисшінің үш «Үлкен дулыға» титулы барын және әлемнің бірінші ракеткасы атанғанын атап өтті.
«Рыбакина бойынша мәселе жабық. Толық жабық. Үш Шлемі бар, ол әлемнің бірінші ракеткасы. Өтінімді жіберіңіздер, суретін, тақтайшасын немесе не керек болса, соны дайындауға әлі де уақыт көп. Бұл — нағыз серпіліс», — деді Роддик.
Ол өзге теннисшілермен салыстырғанда, мұндай жетістікке жету үшін тұрақты нәтиже мен жоғары көрсеткіш қажет екенін де тілге тиек етті. Роддиктің айтуынша, «Үлкен дулығада» жеңіске жетіп қана қою жеткіліксіз, әлемдік рейтингтегі орны да маңызды.
Халықаралық теннис даңқ залы АҚШ-тың Ньюпорт қаласында орналасқан. Бұл ұйым теннистің дамуына елеулі үлес қосқан ойыншыларды, бапкерлерді, функционерлер мен журналистерді ұлықтайды. Даңқ залына ену үшін спортшы кәсіби мансабын кемінде бес жыл бұрын аяқтап, айрықша жетістікке жетуі тиіс.