weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Үлкен теннис 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хьюитт Одадан басым түсіп, US Open жарысында бесінші рет чемпион атанды

Ұлыбританиялық Альфи Хьюитт жапониялық бірінші нөмірлі Токито Оданы ұтып, US Open турниріндегі бесінші атағын жеңіп алды. Бұл оның Үлкен дулығадағы жекелей сындағы 11-ші чемпиондығы болды.

Хьюитт Одадан басым түсіп, US Open жарысында бесінші рет чемпион атанды Хьюитт Одадан басым түсіп, US Open жарысында бесінші рет чемпион атанды
BBC Sport

Ұлыбританиялық Альфи Хьюитт Токито Оданы жеңіп, US Open жарысында арбадағы ерлер арасындағы жекелей сында бесінші рет топ жарды. Осылайша ол жапониялық бірінші нөмірлі спортшының Үлкен дулыға турнирлеріндегі толық жеңіс сериясын жалғастыруына жол бермеді.

Финалдағы есеп — 6:0, 7:6 (7:5). Бұл жетістік Хьюиттке жұма күні отандасы Гордон Ридпен бірге жеңіп алған жұптық титулды толықтырды.

28 жастағы Хьюитт биыл Франция ашық чемпионаты мен Уимблдон финалдарында Одадан жеңілген еді. Уимблдондағы матчта ол бар болғаны екі гейм ғана алып, 6:1, 6:1 есебімен ұтылған болатын. Ал жапониялық теннисші қаңтардағы Аустралия ашық чемпионатында да жеңіске жеткен.

Хьюитт BBC Sport-қа Уимблдондағы жеңілістен кейін өзіне қайта қарауға мәжбүр болғанын айтты. Оның сөзінше, сол кезеңнен кейін ол қайтадан бұрынғыдай болуға ұмтылған.

«Мен ірі сәттерде қорықпайтын, батыл әрі қайсар ойыншы ретінде танымалмын, ал Уимблдонда мен мұның ешқайсысы бола алмадым», — деді Хьюитт.«Мен үндемейтінмін, именшек болдым, өзімнің көлеңкемдей күйге түстім.Мен соңғы алты аптада кеудемде бір күштің булығып тұрғанын сездім, өзіме бұрынғы қалпыма қайта орала алатынымды дәлелдегім келді».

Хьюитт алғашқы сеттегі ойынын «иелік еткендей» деп сипаттады. Ол бірінші геймде брейк-пойнтты қайтарып, кейін аса сенімді өнер көрсетіп, сетті тамаша бэкхендпен аяқтады.

Екінші сетте британдық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Ол қос брейк артта қалып, Одаға берілген үш сет-пойнтты да қайтарып, матчты өз пайдасына жапты.

Ал Ода қатарынан өткен алты Үлкен дулыға жекелей титулын ұтып алған еді. Корт үстінде сөйлеген ол биыл күнтізбелік Үлкен дулығаны аяқтауды көздегенін айтып, бүгінгі жеңісте Хьюиттің еңбегі барын мойындады.

.

Көп оқылды:

.
.