weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Соболенко Рыбакинаға бірінші ракетка атағын беруге қатысты пікір білдірді

Арина Соболенко US Open-2026-ден кейін әлемнің бірінші ракеткасы атағын Елена Рыбакинаға беретінін айтты. Беларусь теннисшісі бұны спорттағы қалыпты құбылыс деп бағалады.

Соболенко Рыбакинаға бірінші ракетка атағын беруге қатысты пікір білдірді Соболенко Рыбакинаға бірінші ракетка атағын беруге қатысты пікір білдірді
Sports.kz

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open-2026 аяқталған соң әлемнің бірінші ракеткасы атағын қазақстандық Елена Рыбакинаға жол беретінін айтып, бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Журналист оны Нью-Йорктегі турнирде жеңіске жетсе де, рейтингтегі көшбасшылықты сақтап қала алмайтыны тосын емес пе деп сұрады. Соболенко бұған сабырмен жауап берді.

«Маған бәрібір. Әзіл жағын алып тастасам, әлемнің бірінші ракеткасы атану қаншалықты қиын екенін жақсы түсінемін. Бұл көп еңбекті қажет етеді, бұл менің мақсаттарымның бірі болған. Қазір бұған қатысты көп нәрсе істей алмаймын. Маусымның орта тұсында онша жақсы ойнамадым, ал Елена бірінші орынға шығып, өте жақсы өнер көрсетті. Мен тек өзіме назар аударып, осы сәтте өмір сүруге және қазір барымды салуға тырысамын. Мүмкін, мен бірінші орынды қайтадан тартып алармын», — деді Соболенко.

Ол әлемдік рейтингте көшбасшылықтың жиі ауысатынын, мұның спорттың табиғи бөлігі екенін де атап өтті. Соболенконың сөзінше, үлкен жетістікке жету үшін ұсақ-түйек детальдардың өзі шешуші рөл атқарады.

Елена Рыбакина US Open-2026 жартылай финалына шыққаннан кейін WTA рейтингінде бірінші орынға шығуын қамтамасыз етті. Қазақстандық теннисші 14 қыркүйекте рейтинг жаңарған соң әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанады. Соболенко көштің басында 2024 жылдың қазан айынан бері тұрған еді.

.

Көп оқылды:

.
.