weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рыбакина мен Соболенко 13 жылдан кейін US Open финалында жолығады

Әйелдер арасындағы US Open-2026 жекелей сынында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары ақтық сында кездеседі. Бұл турнирде мұндай финал соңғы рет 2013 жылы өткен.

Рыбакина мен Соболенко 13 жылдан кейін US Open финалында жолығады Рыбакина мен Соболенко 13 жылдан кейін US Open финалында жолығады
Sports.kz

Әйелдер арасындағы US Open-2026 турнирінің финалында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары алғаш рет 13 жылдан кейін кездеседі.

Қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалда америкалық Коко Гауффты 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге өтті. Енді ол әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салады.

US Open-де бірінші және екінші нөмірлі теннисшілердің финалда жолы соңғы рет 2013 жылы түйіскен. Ол кезде америкалық Серена Уильямс әлемнің бірінші ракеткасы ретінде белорусьтен шыққан Виктория Азаренконы жеңген еді.

Рыбакина жартылай финалға шығу арқылы жаңартылған WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атануды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Осылайша ол Соболенконың 99 аптаға созылған көшін тоқтатты.

Ал Соболенко Нью-Йорктегі былтырғы чемпиондық титулын қорғап, қатарынан үшінші рет топ жаруды көздеп отыр. Бұған қоса, ол осы маусымдағы Australian Open финалында Рыбакинадан тартқан есесін қайтаруға ұмтылады.

.

Көп оқылды:

.
.