weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Үлкен теннис 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина — Кори Гауфф: US Open жартылай финалы қашан өтеді?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Матч 11 қыркүйекке қараған түні, Астана уақытымен 05:30-да басталады.

Елена Рыбакина — Кори Гауфф: US Open жартылай финалы қашан өтеді? Елена Рыбакина — Кори Гауфф: US Open жартылай финалы қашан өтеді?
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 11 қыркүйекке қараған түні US Open-2026 турнирінің жартылай финалында америкалық Кори Гауффқа қарсы ойнайды. Қазіргі таңда Рыбакина WTA рейтингінде 2-орында, ал Гауфф 4-сатыда тұр.

Кездесу Астана уақытымен 05:30-да басталады. Оны тікелей эфирде тамашалауға болады.

Рыбакина турнир барысында Теа Фродинді, Джессика Бусас Манейроны, Юлия Стародубцеваны, Наоми Осаканы және Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға жетті. Ал Кори Гауфф Зейнеп Сёнмезден, Паула Бадосадан, Кристина Бучадан, Ива Йовичтен және Мирра Андреевадан басым түсті.

US Open-2026 жеңімпазы 5 500 000 доллар мен 2000 рейтингтік ұпай алады. Елена Рыбакина бұл жарыста екінші нөмірлі фаворит саналған, бірінші орынға Беларусь өкілі Арина Соболенко қойылған еді.

.

Көп оқылды:

.
.