weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 17
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды

Будвада өткен 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сегіз медаль еншіледі. Оның ішінде бір алтын, үш күміс және төрт қола бар.

Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды
Sports.kz

Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сегіз медаль иеленді.

Қазақ боксшылары жарысты бір алтын, үш күміс және төрт қола жүлдемен аяқтады. Жастар арасындағы әлемдік додада ең жоғары нәтижеге Зарина Толыбай қол жеткізді.

Толыбай финалда 80 килограмнан жоғары салмақта Ресей өкілі Самира Итониевадан 4:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Күміс медальді Бибарыс Аширбай (70 кг дейін), Алина Құдайгенова (57 кг дейін) және Владислав Саможонов (90 кг жоғары) жеңіп алды. Олар финалда тиісінше Ирландия, Ресей және Өзбекстан өкілдеріне есе жіберді.

Қола жүлдеге Мадира Жұмақан (51 кг дейін), Индира Қыдырмолдаева (60 кг дейін), Данияр Әбісенов (60 кг дейін) және Еркетан Жарқынбек (90 кг дейін) қол жеткізді.

World Boxing ұйымының аясында өткен чемпионат 16–27 қазан аралығында өтті. Жарысқа 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысып, 10 ерлер және 10 әйелдер салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.

.

Көп оқылды:

.
.