US Open-2026 турнирінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен рейтингте үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегула күш сынасады.
Матч 10-нан 11 қыркүйекке қараған түні өтеді. Ойынның тікелей көрсетілімі Астана уақытымен сағат 04:00-де басталады.
Соболенко осы жарыста Камила Осорионы, Полина Яценконы, Камилла Рахимованы, Тейлор Таунсендті және Линда Носкованы жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.
Пегула болса Елена Габриэла-Русені, София Кенинді, Лейла Фернандесті, Сорана Кырстяны және Эмма Наварроды ұтып, шешуші кезеңге шықты.
Осы жылғы US Open чемпионы 5 500 000 доллар мен 2000 рейтинг ұпайына ие болады.