weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Футбол 2
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ливерпуль» тәрбиеленуші Шейи Оджо «Ақтөбеге» ауысуын түсіндірді

«Ақтөбенің» жаңа легионері, «Ливерпуль» академиясының түлегі Шейи Оджо клубқа қосылу себептерін алғаш рет жария етті. Футболшы бұл трансферді өзі үшін маңызды әрі жауапты қадам деп атады.

«Ливерпуль» тәрбиеленуші Шейи Оджо «Ақтөбеге» ауысуын түсіндірді «Ливерпуль» тәрбиеленуші Шейи Оджо «Ақтөбеге» ауысуын түсіндірді
Sports.kz

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа ойыншысы Шейи Оджо өзінің трансфері туралы алғашқы пікірін білдірді. Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде футболшы келісімнің біраз уақыт созылғанын, бірақ соңында сәтті аяқталғанын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл — жақсы трансфер. Келісім біз күткеннен көбірек уақыт алды, бірақ мәмілені аяқтауға көмектескен командам мен агенттеріме алғысым шексіз. Алғашында клуб туралы көп біле бермедім, алайда ақпаратпен танысқан сайын мұнда ойнаудың қаншалықты құрметті екенін түсіндім. Клубқа көбірек жетістік әкелетініме үміттімін», — деді Оджо.

Футболшы сондай-ақ алаңда өз еркіндігін көрсетуге тырысатынын және жанкүйерлерге көбірек эмоция сыйлағысы келетінін жеткізді. Ол әр түрлі елдер мен лигаларда ойнағанын, сол себепті бұл жаңа тарауды үлкен қуанышпен қарсы алатынын айтты. Оджо клубта тоғызыншы нөмірмен ойнайтынын мәлімдеп, бұл таңдауының өзі үшін маңызды екенін атап өтті.

«Бірінші мақсаттарымыздың бірі — әр ойында толық күшпен ойнап, жеңіске жетіп, еуротурнирлерге жолдама алу. Маған мұндағы атмосфера мен стадион өте ұнайды, ал жанкүйерлер келген сәттен бастап маған үлкен қолдау көрсетуде. Оларға алаңда сол ілтипатпен жауап бергім келеді», — деп қосты футболшы.

Шейи Оджо — «Ливерпуль» академиясының тәрбиеленушісі, ол клубтың бас құрамасы үшін де бірнеше матч өткізген. Ақтөбелік клубқа ауысар алдында ойыншы словениялық «Марибор» құрамасында ойнаған болатын.

.

Көп оқылды:

.
.