Ағылшынның «Арсенал» клубы Бразилия құрамасының және «Реал Мадридтің» шабуылшысы Винисиус Жуниордың ауысуы жөнінде мадридтіктермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, лондондық клуб испан ағасына 26 жастағы ойыншы үшін 135 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жіберген, оған қосымша 10 миллион еуроға дейінгі бонустар қарастырылған. Айта кетейік, Винисиус ағылшын клубының өкілдерімен жеке келісімшарт талаптарын келісіп, Мадридтен кетуге ниетті екенін растаған.
Винисиустың «Реалмен» келісімшарты бір жылдан кейін аяқталады. Бұған дейін тараптардың жаңа келісім талаптары бойынша ортақ пікірге келе алмай отырғаны хабарланған болатын. Егер жаңа келісімшартқа қол жеткізілмесе, «канониралар» бразилиялық жұлдызды өз құрамына тартуға негізгі үміткер саналады.
Винисиус «сливочниктер» құрамасында 2018 жылдың жазынан бері ойнайды. Осы кезең ішінде шабуылшы барлық турнирлерде 375 матчқа қатысып, 128 гол соғып, 100 голдық пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 140 миллион еуроны құрайды.