Түрік «Галатасарай» клубы «Наполи» мен Бельгия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйнені сатып алуды жоспарлап отыр. Инсайдер Экрем Конурдың X әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметінше, стамбулдық клуб бельгиялық футболшыға қолайлы шарттары бар екі жылдық келісімшарт дайындап жатыр.
Сонымен қатар «Галатасарай» «Наполиге» ресми ұсыныс жасауды жоспарлап отыр. Де Брёйненің неаполитандық клубпен қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Бұған дейін «Галатасарайдың» мәскеулік «Локомотивтің» жартылай қорғаушысы, Ресей құрамасының футболшысы Алексей Батраковты сатып алуға жақын тұрғаны хабарланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, түрік клубы Ресей құраманың ойыншысы үшін 20 миллион еуро көлеміндегі өтемақы сомасын төлеуге дайын.