weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Күрес 2
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Василевский: Нурмагомедовтың UFC-де чемпион атануына кедергі жоқ

Ресейлік белгілі жекпе-жекші Вячеслав Василевский PFL чемпионы Усман Нурмагомедовтың UFC-ге көшуі керектігін айтты. Бұл пікір Нурмагомедовтың Арчи Колганды жеңгенінен кейін білдірілді.

Василевский: Нурмагомедовтың UFC-де чемпион атануына кедергі жоқ Василевский: Нурмагомедовтың UFC-де чемпион атануына кедергі жоқ
Sports.kz

Ресейдің танымал жекпе-жекшісі Вячеслав Василевский PFL ұйымының жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы Усман Нурмагомедовтың болашағы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, ресейлік спортшыға енді UFC-ге көшетін уақыт келді.

«Усман Нурмагомедовтың PFL-де қалуының ешбір себебі жоқ. Ол бұл ұйымда тым ұзақ жүрді және барлығын жеңіп үлгерді. Құрметпен айтарым, PFL — UFC емес. Нурмагомедовтың PFL-де дәлелдейтін ештеңесі қалмады, оған UFC-ге өту керек. Әлемдегі ең күшті лигада оны үлкен болашақ күтіп тұр. Ол UFC чемпионы бола алады. Усманның өзі сауатты жекпе-жекші, оның үстіне жанында мықты команда бар. Ол есептеп қимылдайтын, салқынқанды әрі әлсіз жері жоқ спортшы. Ол UFC-дегі кез келген боксермен күресуге қабілетті», — деді Василевский.

1 тамызға қараған түні өткен PFL New York турнирінде Усман Нурмагомедов Арчи Колганды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, PFL-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпион белбеуін сақтап қалды.

28 жастағы ресейлік спортшының активінде — 22 жеңіс, бірде-бір жеңіліс және бір өтпей қалды деп танылған жекпе-жек бар.

.

Көп оқылды:

.
.