«Барселонаның» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген осы демалыс күндері Нидерланд клубы «Аякстың» жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылады. Бұл жаңалықты танымал инсайдер Фабрицио Романо өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Романоның мәліметінше, қақпашының Нидерландыға сапары бүгін, 31 шілдеде жоспарланған. Медициналық тексеруден өту және келісімшартқа қол қою рәсімі сенбі күні, 1 тамызда өтеді.
Бұған дейін тер Штегеннің «Аякске» ауысуы жөніндегі келіссөздердің тығырыққа тірелгені және мәміленің үзілуге жақын тұрғаны туралы хабарланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, екі клуб арасында қақпашының жалақысын бөлу мәселесінде келіспеушілік туындаған, әрі тараптардың ымырасыздығы ауысу процесін соңғы кезеңде қиындатқан еді.
Дегенмен, соңғы мәліметтерге қарағанда, тараптар келіссөздерді сәтті аяқтап, трансферді жақын арада ресімдеуге дайын.