Әлемдік теннис рейтингінің екінші сатысын иеленген қазақстандық спортшы, «Үлкен шлем» турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының 2026 жылғы ширек финалдық кездесуіне қатысатын Қазақстан құрамасына енгізілді. Ел құрамасы бұл раундта Испания теннисшілерімен сынасады.
Рыбакинадан бөлек, Қазақстан құрамасының қатарында Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Соня Жиенбаева да алаңға шығады. Испания командасын Джессика Бузас Манейро, Кейтлин Каведо, Марина Бассольс-Рибера және Сара Соррибес-Тормо қорғайды.
Әйелдер арасындағы теннис бойынша дүниежүзілік кубоктың финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 22-27 қыркүйек аралығында өтеді. Билли Джин Кинг кубогының қазіргі иегері — Италия құрамасы, олар финалда АҚШ теннисшілерін 2:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.