weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
18 мамыр, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар 339
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қатарынан 9 ойында жеңілген «Атырау» 1 ұпай иеленді

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында қатарынан 9 ойында жеңілген атыраулық команда 9-шы турда "Жетісумен" тең түсті. Ойынның 96-шы минутында алаң иелерінің шабуылшысы Заза Цицкишвили гол соғып, есепті теңестірді. 

Қатарынан 9 ойында жеңілген "Атырау" 1 ұпай иеленді Қатарынан 9 ойында жеңілген "Атырау" 1 ұпай иеленді
"Атырау" ФК

Биылғы маусымды жеңіспен бастаған "Атырау" қалған 9 ойында қарсыластан бір де бір ұпай ала алған жоқ. Бұл жолы да атыраулықтар жеңіліске жақын тұрды. Талдықорғандық команданың шабуылшысы Руслан Болов 51-ші минутта пенальтиді сәтті орындады. Алаң иелері есепті теңестіруге тырысқанымен Денис Кавлинов өз қақпасына гол дарытпауға барын салды. Тек ойын аяқталар тұста Заза Цицкишвили ұрымтал тұсты пайдаланып, "Атырауды" оныншы жеңілістен құтқарып қалды. Қорытынды есеп 1-1.

10-шы турда "Атырау" "Қайсарды", ал "Жетісу" "Ақтөбені" қабылдайды.  

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Көп оқылды:

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера