weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 28
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Юрий Вакулко Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуын түсіндірді

«Ордабасы» футболшысы Юрий Вакулко Алексей Гуцуляктың клубқа келуі не себепті маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, шымкенттік команда алдағы маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуды көздейді.

Юрий Вакулко Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуын түсіндірді Юрий Вакулко Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуын түсіндірді
Sports.kz

«Ордабасының» украиналық жартылай қорғаушысы Юрий Вакулко бұрынғы «Житомир Полесьесінің» ойыншысы Алексей Гуцуляктың клубқа ауысуына қатысты пікір білдірді.

Вакулконың айтуынша, Гуцуляк келісімшартқа қол қоймай тұрып-ақ Шымкентке келіп, клуб басшылығымен кездескен және команда жай-күйімен танысқан. Сол кезде екі ойыншы қысқаша сөйлесіп, Вакулко оған клубқа қатысты кейбір жайттарды түсіндіріп берген.

«Мүмкін, қазір украиналық жанкүйерлерге бұл ауысым тосын көрінетін шығар. Бірақ егер „Ордабасы“ жазда Гуцулякпен бірге Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтсе, бәрі бұған басқаша қарайды деп ойлаймын», — деді ол.

Вакулконың сөзінше, клуб иелері өте жоғары мақсат қойып отыр және сол межеге жету үшін Гуцуляк деңгейіндегі футболшылар қажет.

Гуцуляк Қазақстан чемпиондары сапына қосылғаннан кейін КПЛ-дегі ең қымбат ойыншыға айналды. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның нарықтық құны 3 миллион еуроға бағаланған.

.

Көп оқылды:

.
.