Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында алғаш рет әлемнің үздік 10 спортшысының қатарына кірді. Ол бұл нәтижеге АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен Skate America Гран-при кезеңінен кейін қол жеткізді.
Самоделкина рейтингте 13-орыннан 10-орынға көтерілді. АҚШ-тағы кезеңде ол бесінші орын алып, 320 рейтинг ұпайын еншілеп, жалпы көрсеткішін 2881 ұпайға жеткізді.
Эверетттегі жарыста қазақстандық спортшы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 11-орында тұрды. Ол бұл бағдарламада 61,03 балл жинады.
Еркін бағдарламада Самоделкина төртінші нәтиже көрсетті — 137,56 балл. Жалпы есебі 198,59 балл болып, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Бұған дейін ол Канададағы Келоунада өткен Гран-при кезеңінде де бесінші орын алған еді. Ол кезде Самоделкина 206,89 балл жинаған болатын.
ISU әлемдік рейтингінің үздік 10-дығы: 1. Моне Тиба (Жапония) — 4412. 2. Алиса Лью (АҚШ) — 4248. 3. Ами Накаи (Жапония) — 3858. 4. Эмбер Гленн (АҚШ) — 3671. 5. Изабо Левито (АҚШ) — 3645. 6. Анастасия Губанова (Грузия) — 3409. 7. Лара Наки Гутманн (Италия) — 3356. 8. Нина Петрыкина (Эстония) — 3135. 9. Брэди Теннелл (АҚШ) — 2934. 10. Софья Самоделкина (Қазақстан) — 2881.