Шымкентте дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көш бастады. Аталған өңір балуандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған.
Екінші орынды 2 алтынға қол жеткізген Ұлытау облысы еншіледі.
Ал үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс және 2 қол медаль еншілеген Қызылорда облысы түйіндеді.
Алғашқы бестікке Атырау және Жетісу облысының командалары да енген.