Олимпиада чемпионы әрі КХЛ-дың даму жөніндегі вице-президенті Валерий Каменский Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының Ресей жастар құрамасын 2027 жылғы әлем чемпионатына жібермеу шешіміне пікір білдірді.
«Мен ИИХФ Ресейді халықаралық жарыстарға, соның ішінде жастар әлем чемпионатына жіберу туралы шешімді қатаңырақ қорғайды деп ойлаған едім. Спортты саясатпен араластыруға болмайды. Егер саясаткерлер араласса, бұл спорт емес. Мұның бәрі дұрыс емес. Біз өз тарапымыздан заң аясында әрекет етіп, соны әлемге көрсетуіміз керек. Ал олардың әрекеті — өз шаруасы», — деді Каменский.
Оның айтуынша, Ресей хоккейі халықаралық алаңсыз да дамуын жалғастыруы керек. Каменский ел ішінде лигаларды күшейтудің маңызын атап өтіп, шетелдік деңгейге шықпай-ақ көптеген ресейлік хоккейшілердің драфтқа ұсынылып жүргенін айтты.
«Біз дұрыс жолдамыз, хоккейіміз өте қызық. Әрине, қайта оралу үшін де жұмыс істеу қажет», — деді ол.
15 қараша күні ИИХФ Ресейдің жастар құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Ұйым бұл шешімнің Канада үкіметі федерацияға ресми түрде жеткізген ұстаным мен шектеулерге байланысты қабылданғанын хабарлады. Турнир 2026 жылғы 26 желтоқсан мен 2027 жылғы 5 қаңтар аралығында Эдмонтон мен Ред-Дирде өтеді.