Өзбекстандық UFC жекпе-жекшісі Богдан Гуськов ұйымдағы жартылай орта салмақ төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір айтты. Бұл дивизионда уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынып, Майкл Моралес пен Карлос Пратес жекпе-жек өткізеді.
Қазіргі таңда бұл салмақтағы чемпион — ресейлік Ислам Махачев. Ол бұған дейін UFC 336 турнирінде Пратеспен жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
«Мүмкін, UFC-ге дамытатын бір жұлдыз керек шығар. Махачев мансабын бір-екі жекпе-жектен кейін аяқтайтынын айтқан. Исламның кез келген үміткермен жұдырықтасуға еш қиындығы жоқ екеніне сенімдімін. Ол бәрін дәлелдеп үлгерді. Тіпті Махачев бүгін мансабын аяқтаса да, тарихта үстем чемпион ретінде қалады. Карлос Пратес ақпараттық тұрғыдан қарқын алып келеді, ол чемпион болса, ұйымға пайдалы болмақ. Майкл Моралеске де осыны айтуға болады», — деді Гуськов.
Оның айтуынша, Махачев ұйым үшін көп еңбек сіңірді және өзіне қолайлы уақытты, өзіне лайық қарсыласты таңдауға құқылы. Гуськов UFC қазір Исламның орнын басатын спортшы іздеп жүргенін де атап өтті.
Пратес пен Моралес арасындағы уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 31 қаңтар күні Канаданың Торонто қаласында өтетін UFC 336 турнирінде жоспарланған. Бұл кездесудің жеңімпазы Махачевпен жұдырықтасады.