UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев ММА-дегі мансабын аяқтау жөніндегі шешімін растады.
Журналистің «жекпе-жекке шығуды жалғастырасыз ба, әлде анаңыздың пікірі өзгерген жоқ па?» деген сауалына Махачев: «Анам әрқашан менің жекпе-жектеріме қарсы. Бірақ мен әрдайым анамды тыңдап келдім, сондықтан жақында оны тыңдаймын», — деп жауап берді.
30 қазанда Махачев әлеуметтік желілерде мансабын таяу уақытта аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол X желісіндегі жазбасында алдағы жекпе-жегі кәсіби карьерасындағы «соңғылардың бірі» болатынын атап өтті.
Бұған дейін спортшы бразилиялық Карлос Пратес пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы айқастың жеңімпазымен кездеспек ниетте екенін айтқан.