weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Артур Саргсян әлем және Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты

Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуаны Артур Саргсян финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда ирандық Мохаммадхади Саравини 5:1 есебімен ұтты.

Артур Саргсян әлем және Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты Артур Саргсян әлем және Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты
Sports.kz

Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы грек-рим күресінен әлем чемпионатында Ресей балуаны Артур Саргсян финалға шықты.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол атақты ирандық Мохаммадхади Саравимен белдесіп, 5:1 есебімен басым түсті. Енді Саргсян финалда Беларусь өкілі Кирилл Маскевичпен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бұл жетістік Артур Саргсян үшін мансабындағы ең үздік нәтижені қайталауға мүмкіндік берді. Өткен жылы да ол әлем чемпионатының алтынын иеленуге жақын болған, алайда шешуші сәтте жеңіліп қалған еді.

Мохаммадхади Сарави — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы әрі қазіргі әлем чемпионы. Бұған қоса, ол 2021 жылғы әлем біріншілігінде де алтын медаль жеңіп алған.

.

Көп оқылды:

.
.