weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 15
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жұбаназар Бакудағы әлем чемпионатында қола медальдан қағылды

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесті. Қазақстандық балуан шешуші кездесуде әзербайжандық Омар Раджаблиге есе жіберді.

Жұбаназар Бакудағы әлем чемпионатында қола медальдан қағылды Жұбаназар Бакудағы әлем чемпионатында қола медальдан қағылды
Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін татамиге шықты.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде оның қарсыласы жарыс қожайыны Омар Раджабли болды. Әзербайжан спортшысы иппонмен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Бұған дейін Жұбаназар жартылай финалда тағы бір әзербайжандық дзюдошы, әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері Зелим Цкаевтан ұтылған еді. Соның нәтижесінде қазақстандық спортшы қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын.

Финалдық кезеңге дейін Абылайхан ширек финалда Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Хванды 1:0 есебімен жеңді. Ал 1/8 финалда әзербайжандық Вусал Галандарзадені қарсыласының дисквалификациясы арқылы ұтты.

Осы әлем чемпионатында бұған дейін қазақстандық Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленген болатын. Бакудегі дзюдодан жеке жарыстар 4-10 қазан аралығында өтіп жатыр, ал 11 қазанда аралас командалық турнир жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.