Тәжікстанның футболдан ұлттық құрамасы Қытайдың Чунцин қаласында өткен халықаралық жолдастық кездесуде Қытай құрамасын 1:0 есебімен жеңді.
Бірінші таймда есеп ашылмады. 53-минутта тәжікстандық қорғаушы Вахдат Ханонов гол соғып, өз командасын алға шығарды.
59-минутта Қытай құрамасы сан жағынан кеміді: Вэй Шихао екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін қонақтар басымдықты сақтап, матчты жеңіспен аяқтады.
Бұл жеңіс Тәжікстан құрамасы үшін Қытайға қарсы ойындар тарихындағы алғашқы табыс болды. Бұған дейін екі құрама алты рет кездесіп, оның төртеуінде Қытай жеңген, екі матч тең аяқталған.
Тәжікстан үшін бұл кездесу қыркүйек-қазан айларындағы халықаралық кезеңдегі үшінші ойын болды. Бұған дейін команда Әзербайжанға 0:1 есебімен жол берсе, кейін Палестинадан 2:4 есебімен жеңілген еді.
Қытай құрамасы да бұл ойынға дейін үш матч өткізген болатын: Мальдивті 3:0 есебімен ұтты, ал Жаңа Зеландия мен Палестинадан тиісінше 0:3 және 0:5 есебімен жеңілді.