Айти мен Нагояда (Жапония) өткен бокстан Азиада-2026 бәсекесінде Қазақстанның ерлер құрамасы үш медальға қол жеткізді.
Торехан Сабырхан 70 кг салмақта, Айбек Оралбай 90+ кг дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ал Махмуд Сабырхан 55 кг салмақта қола жүлдегер атанды.
Осы нәтиженің арқасында Қазақстан ерлер құрамасы медаль кестесінде екінші орынға ие болды. Бірінші сатыға екі алтын, бір күміс және екі қола медаль алған Өзбекстан құрамасы көтерілді.
Үшінші орынды Үндістан мен Жапония бөлісті. Екі құрама да бокста бір алтын және екі қола медальдан еншіледі.
Азиада-2026-де ерлер арасындағы бокстан медальдар алты салмақ дәрежесінде сарапқа салынды: 55 кг, 60 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг және 90+ кг.