Торехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан үшін бокстан 12 жылдан кейінгі алғашқы алтын медальді жеңіп алды.
2 қазанда ол 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда Торехан иорданиялық Зеяд Ишаишты 5:0 есебімен ұтты.
Осылайша, Қазақстан бокстан соңғы рет 2014 жылғы Инчхон Азиадасында алтын алған еді. Ол жарыста Ілияс Сүлейменов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко чемпион болған.
Бұған дейін Қазақстан 2018 жылғы Джакарта және 2023 жылғы Ханчжоу Азиадаларында бокстан алтынсыз қалған болатын.