Қазақстанның суперауыр салмақтағы боксшысы Айбек Оралбай Жапонияда өткен Азиада-2026 жарысының чемпионы атанды.
Финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Оралбай — Қазақстан құрамасының капитаны. Бұған дейін ол 2025 жылғы әлем чемпионатын ұтып, Азия чемпионы атағын үш рет иеленген.
Жахонгир Зокиров 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде алған болатын.
Бокс турнирі Азиада-2026 аясында 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтті. Ойындардың өзі 4 қазанда аяқталады.